Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Ардақты ағайын!

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді еліміздің егемендігі мен Тәуелсіздігін паш ететін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттық­таймын!

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұн­ды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсаты­мыз­ды айқындап тұр. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендігінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің белгісі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрі­нісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің бел­гісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз» деп рәміз­дердің ел өміріндегі маңызын сипаттаған болатын. Ендеше, азат елдің бірден-бір нышаны саналатын рәміздерімізді қастерлей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы.

Тәуелсіз Қазақстанның көк Туы өзімен тілектес, эконо­ми­калық және достық қарым-қатынас орнатқан көптеген шет мем­лекеттерде желбіреп тұр. Мемлекеттік Гимн мен Туымыз еліміздің дарын иелері мен спорт саңлақтарының арқасында олим­пиадалық ойындар мен әлем чемпионаттарында биіктерге көтерілуде. Бұл – біз үшін зор мақтаныш.

Қазақ жұрты қашанда туған жерін ерекше қадірлеген. Сон­дықтан да халқымыз өз Отанын, өз халқын, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген.
Құрметті сырдариялықтар!

Тәуелсіздігіміз баянды, бірлігіміз бекем болсын! Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі құтты болсын! Көк Туымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін!






Құрметпен, Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
04 маусым 2022 ж. 337 0