Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ МЫЗҒЫМАС ТҰҒЫРЫ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ МЫЗҒЫМАС ТҰҒЫРЫ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай орталық алаңда салтанатты жиын өтті. Шара Рәміздер алаңындағы Мемлекеттік Туға құрмет көрсетіліп, Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Ғ.Қазантаев қатысып, жұртшылықты құттықтады.
– Құрметті сырдариялықтар! Осыдан 27 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған болатын. Еуразия төрінде орналасқан Қазақстан тәуелсіз ел ретінде өз Әнұраны, өз Туы мен Елтаңбасы бар мемлекеттер қатарына қосылып, ұлттық құндылықтарын паш етті. Ал 2007 жылы 4 маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданды. Міне, сол уақыттан бері 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып келеді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – отаншылдықтың белгісі. Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Елтаңбамыз мәңгі жарқырап, көк Туымыз мәңгі желбірей берсін, – деді аудан басшысы.
Салтанатты жиында қызметке қабылданған жас мемлекеттік қызметкерлер Жетікөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Индира Ибрагимова мен аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Думан Бекмағанбетов салтанатты түрде ант қабылдады.
Сонымен қатар әр саладағы озат қызметкерлер аудан әкімінің, облыс әкімі орынбасарының «Алғыс хатымен» марапатталды. Рәміздер күніне арналған мерекеде аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ән шырқады.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырған іс-шара осылайша патриоттық, отаншылдық дәріптелді.

Б.ЖАНӘЛІ

07 маусым 2019 ж. 956 0