Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

10 қазан 2026 ж.

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «БАЙТАҚ ЕЛІМНІҢ РӘМІЗДЕРІ»

«БАЙТАҚ ЕЛІМНІҢ РӘМІЗДЕРІ»


Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне байланысты «Байтақ елімнің рәміздері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
  Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты – қазақстандық патриотизмді насихаттау, азаматтарда елдің әлеуметтік – экономикалық жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәуелсіздік белгілеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.
   Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, болашаққа арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
  «Байтақ елімнің рәміздері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынып, келген қонақтарға кітапханаға экскурсия өткізілді.
04 маусым 2018 ж. 2 463 0