Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданының әкімі Р.Рүстемовтің 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтауы

Сырдария ауданының әкімі Р.Рүстемовтің 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтауы

Ардақты ағайын!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1992 жылы 4 маусымда Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы заңға қол қойды.
Осылайша біз жер шарында Қазақстан Республикасы атты егеменді мемлекет бар екенін және ол ғасырлар бойы азаттығын қастерлеп, рухын биік ұстап өтетіндігін тағы бір мәрте дәлелдедік. Сол сәттен бастап бұл күн қазақстандықтар үшін басты мерекелердің біріне айналды.
Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі.
Елбасы «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер»,-деп рәміздердің ел өміріндегі маңызын сипаттаған болатын. Ендеше, азат елдің бірден-бір нышаны саналатын рәміздерімізді қастерлей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы.
Қазақ жұрты қашанда туған жерін ерекше қадірлеген. Сондықтан да халқымыз өз Отанын, өз халқын, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген.
Құрметті сырдариялықтар!
Тәуелсіздігіміз баянды, бірлігіміз бекем болсын! Жігерін еңбекке жаныған халқы бар еліміздің ертеңі жарқын болғай! Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі құтты болсын! Көк Туымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін!
04 маусым 2020 ж. 1 029 0