Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Сырдария ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия аппаратының кезекті отырысы өткізілді.

Аудандық комиссия аппараты отырысын аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Д.Байдушев жүргізіп отырды.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, 2 мәселе қаралды.

Бірінші: Шіркейлі ауылдық округінің діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары туралы. Бірінші мәселеге сәйкес, Шіркейлі ауылдық округінің әкімі Құламқадіров Талғат Ізтайұлы – діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ауыл тыныштығын сақтауда тиісті жұмыстар ұйымдастырып, тұрақты бақылауға алынғандығын туралы баяндама жасады.

Екінші: Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы Орталығы отырысының 2022 жылғы 7 қазандағы №42 хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы. Екінші мәселеге сәйкес, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы Сыздықова Сәуле Шәкімбайқызы - хаттамалық тапсырманың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және сала бойынша жұмыстарды жетілдіруге бағытталған жоспармен таныстырды.

Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Д.Байдушев атқарлып жатқан жұмыстарды саралап, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.
09 қараша 2022 ж. 371 0