Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Н.Ілиясов және Шаған ауылдарында аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті

Н.Ілиясов және Шаған ауылдарында аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" №826 жарлығына сәйкес бүгін Сырдария ауданының әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлының кент және ауылдық округ халқымен кездесуі Н.Ілиясов және Шаған ауылдарында өтті.

Кездесуге облыстық мәслихаттың депутаты Ж.Ембергенов, аудандық мәслихаттың төрағасы Е. Әжікенов, аудан прокуроры А. Кемалов, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары А.Оспанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М. Еспенбетов, дербес бөлім мен коммуналдық сала басшылары қатысты.

Жиын барысында аудан әкімі Б. Сәрменбаев аймақ бойынша жаңалықтармен бөлісіп, аудан бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 405 млн. теңгеге Н.Ілиясов ауылындағы амбулатория құрылысы жүргізілетін болса, Шаған ауылының 2 көшесінің ауыз су құбырларын ауыстыру, Шаған ауылын орталықпен қосатын облыстық маңызы бар Шымкент-Самара-Тереңөзек трасса жөндеуден өтуде. Шаған ауылындағы өзекті мәселе электр желілерін ауыстыру жұмыстары да тиісті деңгейде жүргізілуде. Нағи мен Шаған ауылдарын газдандыру мақсатында демеушілердің қолдауымен жұмыстар жасалуда.

Аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы аталған елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тиісті жауаптар берді.

Әрбір елді мекендегі халықтың мәселесін шешу аудан әкімдігінің күн тәртібінен түспейді.
20 мамыр 2023 ж. 391 0