Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімі Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылы тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылы тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы Айдарлы, Жетікөл және Аманкелді ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Еспенбетов, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, дербес бөлімдер және коммуналдық сала басшылары қатысты.

Аудан басышысының тұрғындармен кездесуі Айдарлы ауылынан басталды. Биыл, Айдарлы ауылдық округінде Қ.Сатбаев, Ж. Досымбетұлы, А.Жиренов көшелеріне орташа жөндеу, "Қызылорда-Айдарлы" автомобиль жолдары жөндеу жұмыстары және ауылды аяқ сумен қамту мақсатында "Ақтам" каналының сағасындағы 400 метр қайырды қазу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Досбол датқа көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, алдағы уақытта «Пример Строй» ЖШС арқылы жүргізілетін болады.

Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлының келесі кездесуі Жетікөл ауылында жалғасты.

Жетікөл ауылында ағымдағы ауылішілік Рахменше, П.Сахабаева, А.Көзейбаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, ауылдық округтен екі «тұрғын үй құрылысы үшін» жалпы көлемі 2000 шаршы метр жер учаскесін бес жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын табысталып, «Арион» ЖШС-і тарапынан екі тұрғын үйлердің құрылысын аяқтап, халықтың игілігіне пайдалану жоспарланып отыр.

Аудан басшысының бүгінгі тұрғындармен кездесуі Аманкелді ауылымен қорытындыланды.

Аманкелді ауылында ауылішілік жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда М.Қалымбетов көшесіне толық, А.Ағайдаров көшесі - 300 м, Қ.Баймағанбетов көшесі - 200 м, А.Жанкин көшесі - 120 м, О,Жалмұрзаев көшесі - 120 м, Т.Тышқанбаев-Қ.Баймағанбетов-Р.Мазхожаев көшелерін қосатын жаңа жол - 800 метр жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мердігер мекеме «Ақнұр» ЖШС-і.

Ауылдағы А.Ағайдаров, Ж.Құлымбетов және А.Жанкин көшелерінің тозығы жеткен ауыз су құбырларын ауыстыруға қазіргі таңда жер учаскесінің алдын-ала таңдау актісі және жоба сметалық құжаттары әзірленіп өткізілді.

Кездесуде тұрғындар өз кезегінде, ағымдағы жылы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы жүргізіліп жатқан "Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді және Қоғалыкөл елді мекендерін электрмен жабдықтау» құрылыс жұмыстарының, ауылішілік жолдардың сапалы орындалуын және графикке сәйкес, аяқсудың уақытылы берілу мәселелеріне тоқталды.

Аудан басшысы Айдарлы, Жетікөл және Аманкелді ауылы тұрғындарымен кездесуде атқарылып жатқан жұмыстарға, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күні өзекті мәселе бала тәрбиесіне тоқталды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда жүзеге асырылатын жобаларға 2,5 пайызбен несие беретін «Ауыл аманаты» жобасына белсенді қатысуға шақырды.

Тұрғындарды ұсыныстары мен өтініштері бойынша жеке қабылдау жүргізді.
12 мамыр 2023 ж. 356 0