Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл әкімі тұрғындармен кездесті

Ауыл әкімі тұрғындармен кездесті

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, Айдарлы ауылдық округ әкімі Ержанов Айбол Төребекұлы ағымдағы жылдың ІІ тоқсанындағы атқарылған жұмыстары жөнінде ауыл тұрғындарымен кездесуі өткізілді.

Тұрғындармен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы, аудандық меслихат депутаты Анар Сражадинқызы, ауылдық мекеме басшылары арнайы келіп қатысты.

Жиында ауыл тұрғындары Инвестор тарту, Ауыл ішін аяқ сумен тұрақты қамтамасыз ету, М. Нұртаза және Ш. Ілясов көшелеріне тас төсеп беру, мектеп қоршауын жаңалау жұмыстары жөнінде ұсыныстар білдірді, ауыл әкімі айтылған ұсыныстарды назарға алып, жұмыс жасалатындығын жеткізді. Жиын соңында тұрғындар ауыл әкімінің ІІ тоқсанда атқарған жұмыстарына жақсы деген баға беріп, алдағы жоспарлы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қорытынды сөз алған аудан әкімінің орынбасары барлық ұсыныс-пікірлер жинақталып, оң нәтиже шығарылуына жұмыс жүргізілетінін айтты.

Айдарлы ауылдық округі әкімдігі


 

18 шілде 2022 ж. 985 0