Есепті кездесулер жалғасуда
Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" №826 жарлығына сәйкес бүгін Сырдария ауданының әкімі Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлының кент және ауылдық округ халқымен кездесуі Нағи Ілиясов және Шаған ауылдарында жалғасты.
Кездесуге аудан прокуроры А. Кемалов, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Н. Қордабаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М. Еспенбетов, дербес бөлім мен коммуналдық сала басшылары қатысты.
Ең алдымен аудан басшысы 2022 жылдың 10 айының қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жан-жақты мәлімет берді.
- Биылғы жыл табысты, әрі берекелі жыл болды. Жыл қорытындысымен облыста "Үздік аудан" атандық. Бұл жетістікке жетуімізге қос ауылдағы ірі шаруашылықтардың қосқан үлесі орасан зор. "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында Н.Ілиясов ауылының барлық көшелері күрделі жөндеуден өтіп, лотоктар мен жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Қазіргі күні аталған жұмыстар аяқталуға жақын. Бұл жұмыстар үлгілі ауылдың ажарын одан әрі ашары анық, - деді аудан әкімі өз сөзінде.
Сонымен қатар, жиынға қатысқан Қазақстанның "Еңбек Ері" Ералиев Абзал Жұмашұлы ауылды газдандыру мәселесі бойынша жобалық сметалық құжаттарды демеушілік есебінен "Абзал и К" толық серіктестігі арқылы жүргізетінін жеткізді.
Шаған ауылы бойынша тұрғындар тарапынан көкейкесті мәселелері тыңдалды.
Бұған дейінгі кездесуде ауылдағы су жүйесінің мұнарасы тозығы жетуіне байланысты апатты жағдайда тұрғаны туралы ауыл тұрғындарынан өтініш түскен болатын. Бүгінгі күні "Сырдариясушар" мекемесі арқылы су мұнарасы ауыстырылып, пайдалануға берілетін күн жақын.
Ауылдағы 10 көшені орташа жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Қаржылық қолдау білдіріліп жатқан жағдайда бұл мәселе өз кезегінде кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Елді мекендегі ескіріп, тозығы жеткен әуе желілерін жаңартып ауыстыру жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша жоба сараптамаға ұсынылды.
Сонымен қатар, тұрғындардың келесі өтініші "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автодәлізі бойында Шаған ауылының кіре беріс жолымен қиылысатын тұсына жарық шамдарын орнатуды сұраған. Бұл жұмыстар бүгінгі күні орындалуда. Мердігер компания тарапынан тиісті жұмыстар басталып кетті.