Іңкәрдария мен Ақжармада аудан әкімі тұрғындармен кездесті

Кездесуде аудан басшысы облыс көлеміндегі соңғы жаңалықтар мен аудандағы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен таныстырды.
Іңкәрдария ауылы бойынша құм арасындағы ұңғыма және шеген құдықтарды қалыпқа келтіру, аяқ су және жол мәселелері көтерілсе, Ақжарма ауылдарында жайылымдық жер, жұмыс және газдандыру мәселесі қозғалды.
Аудан әкімі М. Ергешбаев тиісті сала басшыларымен мәселелерге қатысты жауаптарын беріп, қаржы және уақыт талап ететін ұсыныстар жоспарға сәйкес жүргізілетінін жеткізді.
Сонымен қатар, аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен де қабылдап, мәселелерін қарады. Сала басшыларына және аудан әкімі аппаратына әрбір тұрғынның мәселесін қарап, бақылауға алуды тапсырды.