Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады

Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады

Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонға байланысты болады, сонымен қатар, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. 11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша оңтүстік облыстарда жел күшейіп, шаңды дауыл болуы мүмкін.

"Республикада температуралық фонның төмендеуіне байланысты, солтүстік және шығыс облыстарда түнде 2 градусқа дейін аяз болатыны хабарланды. Күндіз еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы төмендейді. Цельсий градусы бойынша 5-15 градусқа дейін", - делінген хабарламада.


Фото: ашық дереккөзден

10 мамыр 2023 ж. 412 0