Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » 30 мамырда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

30 мамырда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

30 мамырда ел аумағының басым бөлігінде жоғары қысым аумағының әсерінен күн ашық болады, тек атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты оңтүстік-батыс, орталық және солтүстік өңірлерінде  ауа райы құбылмалы болады,  жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың кей аймақтарында найзағай жарқылдап, тұман түседі. Жел күшейіп, бұршақ жаууы, оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.

Павлодар облысында жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы  15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түсіп, дауыл тұруы мүмкін.

Жамбыл, Ақмола, Қарағанды облыстарында, күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.  

www.inform.kz
30 мамыр 2019 ж. 810 0