Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

Бірнеше өңірде жауын-шашын болып, қатты жел соғады, ал басқа облыстарда түнде үсік жүріп, ауа температурасы төмендейді, – деп хабарлайды sputniknews.kz

Синоптиктер жеті облыс пен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады. 

3 мамырда Ақмола облысында күндіз кей жерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Түнде 3 мамырда Қостанай облысының кей жерінде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде кей жерде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 4-5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

4 мамырда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін түседі.

4-5 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

4 мамырда Павлодар облысында түнде кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз кей жерде найзағай, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз 7-12 градус жылыға дейін төмендейді. 5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін түседі.

5 мамырда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 3 мамырда найзағай күтіледі. Желдің екпіні күндіз 15-18 м/с болады.

Елордада 4 мамырда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні - 15-18 м/с. 4-5 мамырда түнде ауа температурасы 1-3 градус аязға дейін төмендейді.


03 мамыр 2020 ж. 668 0