Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлікке тағзым

Ерлікке тағзым

Аудандық мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесінің 78 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев қатысып, ардагерлер мен аудан тұрғындарын ­қос ­мерекемен құттықтады.

Ең алдымен аудан әкімі орталық сая­бақта әскер қатарына баратын жастарға жолдама тапсыру рәсіміне қатысты. Сонымен қатар жақын күндері Отан алдындағы борышын өтеп келген 1 азаматқа әскери билет берілді. Әскерден оралған жігіт жас сарбаздарға, аудан жастарына ұран тастап, Отанға қызмет ету міндет екенін жеткізді.

Іс-шара барысында аудан мектеп­терінің бастапқы әскери даярлық пәні мұғалім­дерінің қатысуымен саптық қа­рау, улануға қарсы дайындық және автомат шашу сынды әскери спорттық дайындықтары пысықталды.

Ал аудандық мәдениет үйіндегі салтанатты шарада сахнаға Мемлеттік Ту ен­гізіліп, Гимн шырқалды. Содан соң ау­данның құқық қорғау саласына қыз­мет­ке қабылданып жатқан мемлекет­тік қызметшілер Ерсұлтан Ержанов пен Нари­ман Махановтың ант беру рәсімі өтті. Аудан басшысы құттықтау сөзінде қос ме­рекенің ерлікке тағзым етіп, елді отан­сүйгіштікке шақыратын мейрам екенін айтып өтті.

– Жеңіс – бүкіл жігерімен жеңіске ұм­тылған миллиондаған жандардың ар­ман-тілегі. Бұл мереке – ержүрек, қаһар­ман жауынгерлердің жарық өмір үшін аянбай ұмтылған үлесінің, жау­ға қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгердің мәңгі өлмес өр рухының алдында тағзым ететін күн. Халқының бейбіт ғұмыры үшін соғыс майданында от кешкен батырлардың ерлігі мен өрлігі жадымыздан мәң­гі өшпейді. Ұлы Жеңіс мерекесін алып келген ардақты ардагерлеріміз – біз үшін батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны. Біз бүгінгі қол жет­кіз­ген бейбіт күніміз, бағындырған әр­бір белестеріміз үшін Ұлы Отан соғысы ар­дагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қарыздармыз. Майдангерлер мен тыл ардагерлерінің ерлігі, еңбегі тарихта мәңгі қалады, – деді аудан басшысы.

Іс-шара барысында театрландырыл­ған қойылым көрсетілді. Қойылымда со­ғыс жылдарындағы оқиғалар, жас аза­мат­тардың майдан даласына аттануы, олардың елге хат жазуы, Отанды қорғау үшін соғысқа аттанған азаматтарды жұрт­­шылықтың сағына күтуі бейнеленді. Сондай-ақ майдангерлердің еңбегі мен ер­лігі, батырлығы мен батылдығы көрініс тапты.

Сонымен қатар аудандық қорғаныс бө­лімі жасақтау тобының  әскери қызмет­ке­ шақыру жөніндегі инспекторы Жәні­бек Есепбаев, №137 орта мектептің бас­тапқы әскери дайындық пәні мұғалімі Рүстем Зейнуллаев, аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторы, полиция майоры Айдос Алматов, аудандық полиция бөлімінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Әлихан Аппазов, аудан әкімі аппараты жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бө­лімінің маманы Дархан Күзербаев, Сырдария ауданы №12 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық капитаны Олжас Сейпулов, Асқар Тоқмағамбетов ауыл­дық округінде орын алған 3 тұрғын үйдегі төтенше жағдай ке­зінде ерікті жас­тарды ұйымдастыра оты­­рып, өртті сөн­діруге атсалысқан Ерлан Нұрғалиев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қос мерекеге арналған іс-шарада патриоттық әндер шырқалып, ардагерлерге құрмет көр­сетілді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының 6 арда­гері мен оларға теңестірілген 4 177 азамат бар. Оларға мемлекет тарапынан ай са­йын орта есеппен 178 мың теңге зейнет­ақы және 55 200 теңге арнаулы мемле­кеттік жәр­демақы төленуде.

Ал ауданда ғасыр куәгері, майдангер Яхия Тасыров бар. Жеңіс мерекесіне орай қарт жауынгерге 1,5 млн теңге көлемінде бірретік жәрдемақы беріледі.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
06 мамыр 2023 ж. 216 0