Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жеңіс мерекесі тойланды

Жеңіс мерекесі тойланды

Ұлы Жеңіс мерекесі­нің 77 жылдығына арналған мерекелік іс-шара «Тағзым» алаңында өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, аудандық мәс­лихат хатшысы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов бас­таған ел ағалары, ардагерлер және аудан тұрғындары қатысып, соғыста қаза болғандарға арнап «Тағзым» алаңының алдына салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды.

Жиналғандар майдан даласында қаза тап­қандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ау­данның бас имамы А.Асқаров әруақтардың рухына Құран бағыштады. Мерекелік жиында ау­дан әкімі жұртшылықты өшпес ерлік пен өл­шеу­сіз даңқтың мерекесімен құттықтады.

– Ұлы Жеңіс күні – бейбіт өмірді сыйлаған ар­да­герлеріміз бен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухына тағзым ететін қас­терлі күн. Сырдария ауданынан Ұлы Отан соғысына 7399 азамат аттанып, олардың 4345-і туған жерге оралмады. Олар Отан үшін шейіт болды. Ал бүгінде соғыс және еңбек ардагері, ғасыр жасаған батагөй қариямыз Яхия Тасыров арамызда жүр. Қарт майдангерге құрмет көрсетіп, ардақ тұту, оларды қамқорлыққа алу – перзенттік парызымыз, – деді аудан басшысы.

Іс-шара аудандық мәдениет үйінің көркем­өнер­паздары концерттік бағдарламасына ұла­сып, соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.




«ТТ» ақпарат
12 мамыр 2022 ж. 809 0