Сырдариялықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтті
Бүгін ауданда орталығында Тәуелсіздігіміз бен ел тыныштығын кірпік қақпай күзететін Отан қорғаушылар күні мерекесіне және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 77 жылдығына арналған көктемгі шақырылымдағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шығарып салу салтанатты шарасы өтті.
Іс-шараға әскер қатарына шақырылған жас сарбаздар, олардың ата-аналары, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым төрағалары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, кент тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шара театрландырылған қойылыммен басталды.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бейбітшілік пен болашаққа деген сенімділікті ұялататын, елінің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп жүрген барлық азаматтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен құттықтады.
- Бүгінде сырдариялық сарбаздарымыз ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып, әскери борыштарын абыроймен атқаруда. Жыл сайын біздің ауданымыздан да азаматтар Қарулы күштер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеуде. Бұл аға ұрпақтың даңқты жолдарын ардақтаған мемлекеттің қорғаныс қуатын күшейтуге қосқан лайықты үлесі деп есептеймін,-деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының ардагері, "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" батагөй ақсақал Яхия Тасыров бата берді.
Сонымен қатар, шарада барысында мектеп оқушылары арасында әскери-париоттық сайыс ұйымдастырылып, аудан өнерпаздарының патриоттық әндерімен жалғасты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.