Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық байқау жеңімпаздары марапатталды

Республикалық байқау жеңімпаздары марапатталды

Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев республикалық жарыстарда озық шығып, аудан абыройын көтеріп жүрген оқушылармен кездесті.

Аудан әкімінің орынбасары жоғары жетістікпен ауданымыздың білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген дарынды, озат, қабілетті жастарға және ұстаздар қауымына ризашылығын жеткізді.

Бүгінгі кездесуге, XVIIІ республикалық «Зерде» конкурсының ІІ орын иегерлері №42 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушылары Төлеген Асылзат, Жұмабайқызы Гүлсезім, №35 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Әскербекова Еркежан; Павлодар қаласында өткен «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстарының тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша республикалық кезенінің І орын иегерлері №36 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары- Нұрланұлы Дарын, Ақылбек Айым, Молдабек Әсет, Аубакирова Низара;

Астана қаласында өткен «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстарының тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша ІІ орын иегерлері №36 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары Ермағанбетова Жансұлу, Алдамұратова Зере, Серікбай Берік, Ақылбек Нұржан; «Ясауитану» халықаралық байқауының республикалық кезеңінің Алғыс хат иегері №42 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Дүйсенбай Гүлім; жас музыканттар байқауының республикалық кезеңінің ІІІ орынмен өнер мектебінің фортепиано сыныбының оқушысы Семенов Даниил; республикалық «Домбыра – дастан» дәстүрлі күй тартыс байқауының Бас жүлде иегері өнер мектебінің домбыра сыныбының оқушысы Алмасұлы Дінмұхамед және жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңінің ІІІ дәрежелі диплом иегері №37 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Рамазан Айжан қатысты.

Білім бәйгесінде жеңіске жеткен оқушыларға аудан әкімінің «Алғыс хаты» және естелік сыйлығы табысталды.
26 сәуір 2023 ж. 271 0