Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жергілікті газетке жазылайық!

Жергілікті газетке жазылайық!

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп басталатын мақаласын «...адамға көз, құлақ, тіл қаншалықты керек болса, халыққа да газет соншалықты керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деп түйіндейді. Осыдан-ақ қоғамның тыныс-тіршілігінде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше екенін ұғынуға болады.

Мерзімді басылымдар мемлекеттік саясатты ақпа­рат­тандыруда негізгі күш болып саналады. Аудандық газет те аудан жаңалықтарын насихаттау, атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізу мақсатында оқыр­манмен тығыз әріптестік байланыс орнатып, жұмыс жүргізуде. Осы ретте, аудандағы мемлекеттік мекеме­лер­дегі қызметкерлер аудандық газетке тұрақты түрде жазылады. Сәйкесінше, басылым да олардың жұмысын ақпараттандырып, ортақ абырой үшін бірлесе еңбек етіп келеді. Бұл – қазақ баспасөзінің ғасырдан астам тарихында бар, тіпті қалыптасқан үрдіс. Аудандық га­зет үшін ауданның білім және денсаулық сақтау саласы­ның алатын орны ерекше. Білім саласында 1200-ден астам оқырманымыз болса, денсаулық сақтау саласының 500-ге жуық қызметкері – тұрақты оқырманымыз.

Баспасөзге жазылу жұмыстарына аудан аумағындағы егін егумен айналысатын шаруашылықтар да қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, «Мағжан және К», «Шаған-Жер», «Мәді-Қажы», «Ақжарма 2», «Ақжарма және К», «Қызылдихан», «БАҚ» шаруашылықтары аудандық газет­ке жазылу бойынша үлгі көрсетіп келеді. Бұл қолдау­ды біз терең түсінеміз және ауданның жетістіктері мен жаңалықтарын кеңінен ақпараттандыруды мақсатымыз санаймыз.

Сондай-ақ республика аумағында тарайтын мерзімді басылымдарға аудандық газет редакциясы арқылы жазылуға болатынын хабарлаймыз. «Тіршілік тынысы» газеті редакциясы арқылы тұрғындар респуб­ли­калық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінен бастап, «Айқын», «Литер», «Түркістан», «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Ұлан», «Жұлдыз», «Ақжелкен», «Балдырған» секілді көптеген газет-журналдарға жазыла алады. Мұнан бөлек Сыр өңірі жұртшылығы сүйіп оқитын облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жас­тары», қала­лық «Ақмешіт апталығы», республикалық «Халық» газет­те­ріне жазылу мүмкіндігі қарастырылған. Қосымша мәлі­­метті 8-777-155-94-53 нөмірінен алуға болады. Редакция­ға келмей-ақ, уақытыңыз бен қаржыңызды үнемдеп «Кaspi Gold» арқылы да газетке жазылуға болады.

Кез келген басылымның қолдаушысы да, тірегі де тұ­рақты оқырман екені анық. Сондықтан аудан тұр­ғын­дарын жаңалықтардың жаршысы болған аудандық газетке жазылуға шақырамыз. 85 жылға жуық тарихы бар аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің есігі оқырман үшін қай кезде де ашық.


Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
22 сәуір 2023 ж. 389 0