Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Тілсіз жаудың зардабы орасан

Тілсіз жаудың зардабы орасан

Сырдария ау­дан­дық төтенше жағдайлар бөлімі әрбір тоқсан са­йын атқарылып жатқан жұмысты саралап, брифинг өткізіп келеді. Бұл жолы да сала ма­мандары өрт және басқа да төтенше жағдайлардың ­алдын алу бойын­ша БАҚ өкілде­рінің са­уалдарына жауап берген ­болатын.

Аудандық мекемелер үйін­де орналасқан баспасөз ор­та­лығында жүзеге асқан брифингте аудандық төтенше жағ­­дайлар бөлімінің инженері Е.Ос­пан және Сырдария орман және жануарлар дүниесін қор­­ғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің қыз­меткері Т.Сатбаев өрт қауіп­сіз­дігіне байланысты межеленген жұмыстарды тізбектеді. Жал­пы, жылдың кез келген мау­­сымында өрт қауіпсіздігін болдырмау сала мамандарының ті­келей міндеті саналады. Жос­пар­ға сәйкес, аудан тұрғын­да­рына өрт қауіпсіздігі жөнінде мол-­мағлұмат беріліп отырады.­ Та­биғаттың тосын әрекетіне жан-­­жақты дайын болу үшін бө­лім тарапынан тиісті іс-шара­лар жүр­гізіледі.

– Шын мәнінде, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қыз­меттік бағыты сан тарапқа бө­лінеді. Оның ішінде, тілсіз жау­­мен күресуді алдыңғы орын­ға қоямыз. Жергілікті ха­лық­қа орасан шығын әкелмес үшін өрттің шығуына жол бер­меуіміз керек. Сала мамандары жергілікті тұрғындарға жадыма таратып, сақтық іс-шарасын қатаң ұстануды ескертеді. Өз кезегінде орман және тоғай өр­тінен көпшілік зардап шекпеуі мақсатында Сырдария орман жә­не жануарлар дүниесін қор­ғау жөніндегі мемлекеттік мекеме­сінің ма­мандарымен бірлесіп жұ­мыс жа­сап келеміз, – деді аудандық төтенше жағдайлар бө­­лімінің инженері Е.Оспан.

Айта кетейік, 2023 жылдың 3 айында аудан бойынша 7 өрт оқиғасы тіркелген.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
18 сәуір 2023 ж. 461 0