Серіктестік техникалары жаңартылуда

Шаруашылық жұмысының жанданып, егіннен мол өнім алу үшін техникалардың сақадай сай болғаны керек. Осыны білетін серіктестік басшылығы биыл жаңа техникалар алған.
– Егінді төкпей-шашпай жинап, одан мол өнім алуда техникалық базаның атқарар рөлі ерекше. Осы орайда, ағымдағы жылы серіктестіктің базасы кеңейіп, жаңа техникалар алынды. Жер тегістеуге, егін егуге, оны жинауға тиімді, қуатты техникалар шаруашылыққа жеткізілді. Атап айтқанда, «Class Axion 820» маркалы 6 трактор, «Zoomlion 1604» маркалы 3 трактор, «Zoomlion 904» маркалы 3 трактор, «Case 4099» маркалы комбайн, жаңа түрік соқасы, «Class Lexion 750» маркалы 2 комбайн, 3 лазерлік жоспарлаушы, «Zoomlion 160» маркалы бульдозер, экскаватор тиегіш, телескоптық жүк тиегіш, дискілі тырма 4.5 метрлік және «MacDon» маркалы өздігінен жүріп шөп оратын машина техникасы бар. Бұл техникалар жұмысымызды жылдамдатады, – дейді «Шаған Жер» ЖШС-нің директоры Жеңісбек Сыздықов.
Шаруашылық күріш өндірісінен бөлек ата-кәсіп — мал шаруашылығымен де айналысады. Халықтың негізгі тіршілік көзіне айналған шаруада бүгінде төрт азамат тұрақты жұмыспен қамтылуда.

Е.БЕРКІНБАЕВ