Еңбек еріне құрмет
Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевті 63 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Аймақ басшысы Абзал Жұмашұлының ерен еңбегі мен өнегелі өмір жолына тоқталып, туған елге жанашырлығы үшін алғыс білдірді.
«Халқымыздың «Туған жерге туың тік» деген тәмсілінде патриотизмнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа деген сүйіспеншіліктен тамыр тартатыны айтылған. Абзал Жұмашұлының Нағи Ілиясов атындағы ауылға 2 млрд.қа жуық инвестиция салуы бұл елді мекенді республикадағы үлгілі ауылдар қатарына қосты. Ауылын түлеткен азаматтың бастамасы еліміздегі елеулі оқиғаның бірі болды. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елге сіңірген ерен еңбегі үшін Абзал Ералиевке мемлекетіміздің жоғары наградасы – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен Алтын жұлдызы берілді. Ол облыстық Күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының президенті ретінде Сыр салысының сапалық деңгейін еселеп, жерсіндірілген жаңа сорттар өндірісіне жаңа леп қосты. Жасыратыны жоқ, ел «Ералиев» дегенде ерен еңбекті елестетеді, «Абзал» дегенді асқақ рухқа арқау етеді. Өйткені ол –еңбектің адамы, әрбір бастамасы ерліктің қадамы», – деді облыс әкімі.
Сыр елінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Абзал Жұмашұлына Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасы және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің арнайы құттықтауы табысталды.
Мерейтой иесін ел ағалары, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері Шахизат Төребаев, Нұрлыбай Ұлықпанұлы және Орынбасар Төлепов құттықтады.
Абзал Ералиев 1960 жылы қазіргі Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1984 жылы Қызылорда үй құрылысы комбинатында құрылыс шебері болып бастап, осы мекемеде прораб, монтаждау учаскесінің бастығы қызметіне дейін көтерілді.
1994 жылы күріш өсірумен және өңдеумен айналысатын «Абзал және Компания» толық серіктестігін құрды. Еңбекқорлығының арқасында оны елімізге ғана емес, ТМД елдеріне, бірқатар Еуропа мемлекеттеріне танымал әрі бірегей серіктестікке айналдырды. Ол 2012-2016 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, 2016-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Қазіргі таңда «Абзал және Компания» толық серіктестігі тек күріш бағытын ғана емес, тұз өндірісін де қарқынды дамытып келеді. «Ассоль» брендімен тәулігіне 200 тоннаға дейін тұз өңдеп, Қазақстанның барлық аймағымен қоса, көршілес Ресей, Қырғызстан және Беларусь, Моңғолия, Латвия, Литва секілді елдерге экспортқа шығаруда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі