Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 24 газет

31 наурыз 2020 ж.

№ 23 газет

27 наурыз 2020 ж.

№ 22 газет

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АУЫЛ ТЫНЫСЫ – ТУЫНДЫ АРҚАУЫ

АУЫЛ ТЫНЫСЫ – ТУЫНДЫ АРҚАУЫ


Отан тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бұл сөзімізге Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан шыққан «Нағи Ілиясов атындағы ауыл және «Абзал  және К» толық серіктестігі» атты тарихи-танымдық туынды дәлел. Кітап авторлары – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бағдат Кәрібозұлы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Күлдірсін Сарышева, «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Бақытжан Ахметбек.  
Кітаптың бірінші бөлімінде ауылдың көне және ортағасырлық кезеңі баяндалған. Сыр өңірінен Ұлы Жібек жолы өтетінін тарихтан білеміз. Жібек жолының бұрынғы ізі қазіргі Нағи ауылынан алыс емес. Ауыл маңайында б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасында мықты бекіністер – «Күлке-Асар» мен «Қос-Асарлар» орналасқан. Кітапқа осы қалалар жөнінде көптеген фотоматериалдар мен деректер енгізілген. Осы аймақта өмір сүрген, елін қорғауымен аты шыққан Сыр бойының көптеген батырлары мен билері туралы да құнды деректер берілген.
Осындай дана, ардақты бабаларымыздың өмірі, елге  жасаған игі істері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатыны ақиқат екенін кітаппен танысқан оқырман еріксіз мойындайды.
Аталған кітапта ауылдың қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясов пен Социалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисенов жайлы көпшілік оқырманға мұрағаттық деректер мен фотоқұжаттар тиянақты таныстырылған. Кітапта Тәуелсіздік жылдарындағы ауыл тарихына кеңінен орын берілген. 2003 жылдан бастап ауыл өмірін түбегейлі өзгерткен «Абзал және К» толық серіктестігі болды. Компания ауылдың экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуына да үлес қосып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Барлық ауыл Нағи ауылындай болсын!» деген сөзі – ауылға берген теңдесі жоқ үлкен баға. Бүгінгі таңда ауыл гүлге оранған еңселі мекен, ғимараттары ерекше көркімен көз тартады.  «Абзал және К» толық серіктестігінің негізін қалаушы Қазақстанның Еңбек Ері Ералиев Абзал Жұмашұлының: «Әлеуметтік жауапкершілік – бұл тек қайырымдылық жобаларды қолдау ғана емес, бұл – қоғам алдындағы жауапкершілік, болашаққа құйылған инвестиция!» – деген сөзінің шындығы осы кітапта толығымен ашылған. Міне, «Нағи Ілиясов атындағы ауыл және «Абзал  және К» толық серіктестігі» деген кітапта жаңа қоғамдағы жаңаша даму бағытының қысқаша тарихы осылай баяндалған болса, алдағы уақытта да бұл тарихтың бүгінгі жас ұрпақ арқылы жалғасын табатыны анық. Кітап үш тілде жарық көрген.

Тастанбек СӘТБАЙ, 
тарих ғылымдарының докторы,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ доценті.

08 сәуір 2018 ж. 822 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам