«Үлгілі ауылдағы» үлгілі турнир

Үш күнге жоспарланған турнирге Абай, Жамбыл, Ақтөбе, Түркістан, облыстары және Қызылорда қаласы, Жанақорған, Шиелі, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария ауданынан 300-ге жуық балуан қатысуда.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы жас спортшыларға сәттілік тілеп, мұндай шаралардың келер ұрпақ үшін маңыздылығын айтып өтті.
–Спорттық сайыстардың жүйелі ұйымдастырылуының нәтижесінде спортшыларымыз Қазақстан чемпионаттарында, Азия, және әлем біріншіліктерінде ел намысын асқақтатуда. Бүгінгі жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир еңбегімен елге сыйлы болған ел азаматтарын құрметтеп, насихаттауға мол мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Сонымен бірге, шараға облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағамбет, қазақша күрес бойынша ҚР спорт шебері, дзюдо бойынша Халықаралық дәрежелі төреші, ҚР құрметті спорт қайраткері С.Мұстафаев және тағы басқа қонақтар қатысты.
Әрі қарай спорттық шара жас палуандарымыздың арасындағы тартысты жекпе-жекке ұласты.
Облыс әкімінің орынбасары Н. Сақтағанов пен аудан әкімі М. Ергешбаев 36 кг және 40 кг салмақ дәрежесіндегі жас спортшылардың марапаттауына қатысты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі