Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Чернобыль апаты ұмытылмайтын қасірет

Чернобыль апаты ұмытылмайтын қасірет


Жақында Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Чернобыль апатына 32 жыл толуына байланысты «Чернобыль – ғасырдың техногендік апаты» тақырыбында ақпараттық кездесу сағаты өтті. Кездесудің басты мақсаты апаттың тарихын таныстырып, оның салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау болды. Аталған іс-шараға №132 мектептің оқушыларымен Чернобыль апатының ардагері Сыздықов Болат Жаңабайұлы және кітапхана оқырмандары қатысты. Чернобыль апатында қаза тапқан ардагерлердің рухына 1 минут үнсіздікпен еске алудан басталған шара барысында оқушылар Болат Жаңабайұлына өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, көптеген мағлұматтар алды. Ардагер өзінің 1986 жылдың мамыр айында әскери коммисарияттың шақыруымен барғанын айтып, өзінің нағыз жарылыс болған 4-ші блоктың қасындағы 6-шы блокта жұмыс атқарғанын есіне алып, енді мұндай апаттар болмағанын қалайтынын және жастарға бақытты өмір тілейтінін білдірді. Чернобыль апатын залалсыздандыруға қа­тыс­қан қазақстандықтардың Отан алдын­да атқарған ерліктері балаларға үлкен са­бақ болады. Патриоттық тәрбие сағатында негіз­делген ақпараттық кездесу кешінде оқушы Қуанышбаев Қайсар кітапханашы ақын Рахметолда Нұрпейістің «Чернобыль таңы» поэмасынан үзінді оқып берді. Кеш барысында сөз алған мәдениет үйінің меңгерушісі К.Құдабаева бүгінгі кештің қонағы Болат Жаңабайұлына өз алғысын білдіріп, ерлігі ұмытылмайтынын келешек ұрпаққа үлгі болатынын жеткізді. Сонымен қатар «Қасіретке айналған алапат жарылыс» атты слайд, Чернобыль қаласынан 2 шақырым жерде орналасқан Припять қаласы туралы түсірілген бейнебаян, ақын жазушылардың апат туралы жазылған шығармалары бойынша «Чернобыль апаты ұмытылмайтын қасірет» атты кітап к-рмес3 оқырмандарға таныстырылды. Шара соңында кітапханашы ардагерге сый құрмет көрсетіп, оқушылар естелік суретке түсті.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ
24 сәуір 2018 ж. 3 498 0