Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Естен кетпес күрсінген күндер көрінісі

Естен кетпес күрсінген күндер көрінісі


Осыдан 32 жыл бұрын Украина мен Ресей халқына зұлматты күннің зардабы айтарлықтай шығын әкелді. Чернобыль атом электр станциясында АЭС-тің 4- энергоблогында орасаң апат орын алды. Радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төндірді. Оннан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластаған апат кем дегенде 5 млнға жуық халыққа қиямет күндер әкелгені мәлім.
Бұрнағы күні аудан әкімінің бастамасымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 филиал кітапханасында Чернобыль апатына 32 жыл толуына орай «Чернобыль-ХХ ғасырдың қасіреті» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Чернобыль апатының ардагерлері, ҮЕҰ төрағалары, сала мамандары, оқушылар қатысып, сол жылдары және елге оралған тұста қаза тапқан жауынгерлерді 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Кітапхана қызметкері Чернобыль апатының тарихын зерттей отырып, апат салдарын жоюға үлестерін қосқан жауынгерлер ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттауды басты мақсат етіп қойған. Чернобыль апаты кезінде атом электр стансасының зардаптарын жоюға 600 мыңға жуық адам қатысқандығы оның ішінде шамамен 32 мың қазақстандықтардың болғандығы айтылды.
Шара барысында мектеп оқушысы Н.Әзірбек «Чернобыль апатының зардаптары» жайлы мәлімет келтірсе, Г.Құттымұратова ақын Р.Нұрпейісовтің «Чернобыль таңы» атты өлеңін оқыды. Өз кезегінде ауданнан қатысқан жауынгер ардагерлер Т.Айкупешов, З.Ерғалиев, Б.Жантүгеловтер сөз алып, апат салдарын жиналғандарға түсіндірді, аудан басшылығы тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, «Чернобыль АЭС-інің апаты» атты көрсетілген слайдта, қасіретті күндер сипаты анық байқалды. Кітапханашы «Чернобыль апаты-қоғам қасіреті» атты кітап көрмесімен таныстырып, тағылымды шараны қорытындылады.

Балтабай ҚАРАМАНТЕГІ

24 сәуір 2018 ж. 1 973 0