Еуропа кубогының иегерін қабылдады

Сонымен қатар, жақында Қызылорда қаласында өткен Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған Халықаралық турнирде жүлделі 2 орынды жеңіп алған болатын.
Спортшының жетістігімен құттықтау үшін аудан әкімінің міндетін атқарушы Берік Сәрменбаев спортшымызды қабылдап, сый-құрмет көрсетті.
- Ауданның ғана емес, облыс және Республикамыздың мерейін асқақтатып, Еуропа жерінде мемлекеттік гимнімізді шырқатып, көк туымызды желбіреттіңіз. Алдағы уақытта чемпиондық биіктен түспей, әрдайым аудан атын биіктерден көрсетіп, жас спортшылардан да чемпиондар тәрбиелейтініңізге сенім білідіреміз -деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Берік Сәрменбаев.
Қабылдау барысында аудандық ардагер кеңесінің төрағасы, ауданның "Құрметті азаматы" Мұса Келдібаев чемпионға ізгі тілегін білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қабылдау барысында аудандық ардагер кеңесінің төрағасы, ауданның "Құрметті азаматы" М.Келдібаев чемпионға ізгі тілегін білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Бибісара ЖАНӘЛІ