Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас спортшыларды қабылдады

Жас спортшыларды қабылдады

Кеше аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев облыстық, Республикалық, Халықаралық жарыстарға қатысып, аудан мерейін үстем қылып жүрген жас жеңімпаз спортшыларды қабылдады.

2022 жылдың 26 қараша күні Қызылорда қаласы, "Евразия" спорт кешенінде ережесіз жекпе-жектен "ORDA "ZHEKPE-ZHEK CHAMPIONSHIP" атты Халықаралық турнир өткені белгілі. Осы чемпионатқа елімізден көптеген жас спортшылар қатысты. Оның ішінде Сырдариялық жас спортышымыз Ерасыл Мұратов 55 кг салмақ дәрежесінде жоғары нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар, 20-28 қараша күндері аралығында Ақтөбе қаласы тоғызқұмалақтан VI әлем чемпионаты өтіп, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бостандықов Бексұлтан ІІ орынды жеңіп алды.

6 - 9 желтоқсан аралығында Щучинск қаласында Гір спортынан ересектер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Жарыс нәтижесінде жерлесіміз жақсы нәтиже көрсетті, қыздар арасында 63 кг салмақ дәрежесінде Оразбекқызы Шакиза 2 орынды иеленіп, аудан мерейін үстем етті.

- Ауданымызда өздерің секілді жас спортшыларды қолдау бағытында тиісті шаралар қолға алынып, нәтижесінде спортшыларымыз облыстық, Республикалық, Халықаралық жарыстардан үнемі жоғарғы жетістіктермен оралуда. Сіздер де сол жеңісті жолды жалғап, жеңістің биік шыңынан көрініп отырсыздар. Мұндай жеңістер еңбек пен қажырлы күшпен келеді, намысты қолдан бермей, ауданымыздың атын шығарғандарың үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Жеңістеріңіз құтты болсын! - деді аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөзінде.

Шара соңында жас спортшыларға аудан әкімінің алғыс хаты табысталып, естелік суретке түсті.
23 желтоқсан 2022 ж. 375 0