Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің үздік спортшыларының қатарына енді

Әлемнің үздік спортшыларының қатарына енді

Бүгін аудан әкімі М.Ергешбаев ауданның спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген, гір көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Медетбаев Оразбек Дәулетиярұлын қабылдады.

- Оразбек Дәулетиярұлы аудан абыройын көтерген халықаралық жарыстағы жеңісіңізбен өзімнің және аудан халқының атынан шын жүректен құттықтаймын.

Әрдайым аудан атын биіктерден көрсетіп, жас спортшылардан да чемпиондар тәрбиелейтініңізге сенімдімін, - деп ыстық ықыласын жеткізген аудан басшысы жеңімпазға сый-сияпат жасап, Алғыс хат табыс етті.

Оразбек Дәулетиярұлы - 1971 жылы қазіргі Ақжарма ауылында дүниеге келген. 2014 жылдан бастап Қызылорда облысының аға жаттықтырушысы, «Алтын гір» иегері, 2 дүркін Украина чемпионы, 2 дүркін қола жүлдегері. Москва қаласында өткен КССРО қарулы күштерінің чемпионы.

2009-2012 жылдар аралығында гір көтеру спорт шеберлері халықаралық федерацияларының өткізген Әлем және Европа біріншіліктеріне қатысып 11 дүркін Әлем, 5 дүркін Европа чемпионы атағын жеңіп алды.

Еуразияның абсолютті чемпионы, гиннес рекордшысы Оразбек Дәулетиярұлы Индия мемлекетінің Нью Дели қаласында өткен әлем біріншілігінде 32 мемлекеттен 400 жуық спортшылар қатысқан гір көтеруден жарыста жүлделі 3 орын алып аудан абыройын асқақтатып отыр.
03 қараша 2022 ж. 466 0