Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Іңкәрдария, Ақжарма ауылдарында есеп беру кездесулері өтті

Іңкәрдария, Ақжарма ауылдарында есеп беру кездесулері өтті

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Сәрменбаев Іңкәрдария және Ақжарма ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, аудан прокурорының орынбасары Ғ.Дүйсенбаев, аудандық полиция бастығы Ғ.Тұрсекеев, құқық қорғау саласының қызметкерлері, дербес бөлімдер мен коммуналдық сала басшылары қатысты.

2022 жылы Іңкәрдария ауылының Ақтам каналына 14,8 шақырым жер механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді және су тапшылығының алдын-алу мақсатында екі дана KY-560 дизельді насос алынды. Бұл негізгі кәсіп егіншілікпен айналысып отырған ауыл халқы үшін пайдалы болмақ.

Кездесуде тұрғындар тарапынан елді мекен аумағында орналасқан Мүлкілан әулие мазарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ұсынысы түскен болатын. Бұл мақсатта биылғы жылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары қолға алынып, ескерткіш толықтай реставрациядан өтетін болады.

Сонымен қатар, 2023 жылы ауылдағы А.Құнанбаев және Ж.Жабаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Тіректі елді-мекен саналатын Ақжарма ауылында 2022 жылы "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, ауыл ішіндегі М.Әукенов, Т.Балапанов, Е.Омаров, О.Сқақов көшелері асфальтталды.

Есеп беру кездесулерінен кейін Б.Сәрменбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
18 ақпан 2023 ж. 277 0