Ауыл тұрғындарымен кездесу жалғасуда
Бүгін аудан әкімі М.Н. Ергешбаев Н.Ілиясов, Шаған ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, есепті жиын өткізді.
Кездесуге құқық қорғау саласының қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, дербес бөлімдер мен коммуналдық сала басшылары қатысты.
Н. Ілиясов елді мекенінде 2022 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында көшелерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, ауылдағы А. Құнанбаев, А. Бисенов көшелеріне аяқ су лотоктары орнатылып, жаяу жүргіншілер жолдарын салынды, 9 қуыс көшелер мен А.Бисенов, Қ.Сәтбаев көшелеріне жарық орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Абзал и К» ТС-нің демеушілігімен «Еңбек аллеясы» жаңадан салынып, ауылдың ажарын арттырды.
Бүгінгі кездесуде ауыл тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстарға бағасын беріп, өз кезегінде жер мәселесіне қатысты, жер үлесіне және мәдениет салаларына қатысты сауалдарын жеткізді.
Аудан басшысының келесі кездесуі Шаған ауылында жалғасты.
Ауылда мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі бойынша түсіндірме жұмыстардың нәтижесінде 38 азамат грант иегері атанған. Сонымен қатар, «Шаған Жер» ЖШС-нің демеушілігімен жаңа ойын алаңы салынып, балғын балаларға қуаныш сыйлаған. Аталған жұмыстар биыл да өз жалғасын табады. Атап айтқанда, ауыл ішілік көшелерге жөндеу жұмыстарына, электр желілерін және трансформаторларын ауыстыруға жобалық сметалық құжаттар әзірленуде.
Кездесу барысында тұрғындар ауылдағы аурухананың жұмысы, бизнес жоспар және интернет желілері секілді мәселелерді көтерді.