Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылдарға көгілдір отын келетін күн алыс емес

Ауылдарға көгілдір отын келетін күн алыс емес

Бүгін аудан әкімі М.Ергешбаев Қалжан ахун және С.Сейфуллин ауылдарының халқымен кездесті.

Есепті кездесуге аудан прокуроры А. Кемалов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Н. Қордабаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Еспенбетов, дербес бөлімдер, білім және денсаулық саласы мен коммуналдық сала басшылары қатысты.

Ең алдымен аудан басшысы 2022 жылдың қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және аудандағы жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша жан-жақты мәлімет берді. Мұнан соң ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдауға кезек берілді.

Қалжан ахун ауылының тұрғындары "Бостандық" каналын тазалау жұмыстарын жүргізу мәселесін аудан әкімінің назарына жеткізді. Аталған мәселе бойынша "БАҚ" ШҚ төрағасы Серік Әбжәлиев демеушілік есебінен жүргізетінін атап өтті.

Ауыл үстінен өтетін "Қызылорда - Жалағаш" автожолы бойында елді-мекен аумағында жылдамдықты асыру әрекетінен ауыл тұрғындарының малдарын қағып кету фактілерін орын алып жатқандығына тұрғындар алаңдаулы. Аудандық полиция бөлімімен бірлесіп көтерілген мәселені дер кезінде қолға алуға және жол қауіпсіздігін күшейту жұмыстарын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту, №126 орта мектептің әжетханасын жөндеу және ФАБ ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы мәселелер көтерілді. Бұл мәселелерге аудан әкімі сала басшыларымен тиісті жауаптарын беріп, қаржы және уақыт талап ететін ұсыныстар жоспарға сәйкес жүргізілетінін жеткізді.

С.Сейфуллин ауылы бойынша 2023 жылдың бюджетіне ауылдағы 3 көшені асфалттауға жобасы ұсынылды. Жоба аясында бұл көшелерге жарықтандыру жұмыстары қоса жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, С.Сейфуллин елді-мекенін газдандыру жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, 2023-2025 жылдарға арналған бюджетке ұсыныс берілді. Қаржы бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар басталатын болады.
07 желтоқсан 2022 ж. 431 0