Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлығының алдын алу мақсатында тұрғындармен кездесу өткізілді

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында тұрғындармен кездесу өткізілді

Сырдария аудандық прокуратурасының үйлестіруімен Қоғалыкөл ауылдық мәдениет үйінде мал ұрлығына қарсы профилактикалық іс-шаралар жөнінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Аталған кездесуге аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, аудан прокурорының орынбасары Ғ.Дүйсенбаев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары М.Алиев және ауыл тұрғындары қатысты.

Ауыл көлемінде орын алған мал ұрлықтарының алдын алу және қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы жайлы халыққа түсіндіріліп, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.

Кездесу нәтижесінде ауыл әкіміне, учаскелік полиция инспекторына және ветеринар дәрігеріне тиісті тапсырмалар берілді.
16 ақпан 2023 ж. 214 0