Қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің барысы мен тиімділігі талқыланды
Сырдария аудандық прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігінде Мемлекет басшысының негізгі процессуалдық шешімдерді прокурормен келісу туралы тапсырмасының орындалуы жөнінде жиын өткізілді. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.
2020 жылғы 31 желтоқсанда қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту туралы заң күшіне енгелі, прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының тұлғаны күдікті деп тану, әрекетті саралау, қайта саралау, мерзімдерді үзу, істі тоқтату және басқа да негізгі шешімдерін электрондық форматта келісуді іске асыруда. Процестік шешімдер тек прокурормен келісілгеннен кейін заңды күшке ие болады.
Мәжіліс барысында баяндама жасаған аудандық прокуратураның прокуроры Ж.Сиха және аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Б.Қаппар қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің тиімділігі, электрондық қылмыстық істі жүргізудің артықшылықтары, өзара әрекет етудің ұйымдастырылуы мен бұл шаралардың маңыздылығы туралы мәлімдеді.
Аудан прокуроры Е.Алмазұлы мәжілісті қорытындылап, алдағы уақытта атқарылуы тиіс мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, қылмыстық процестегі прокурордың рөлі күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ азаматтардың құқықтарының сақталуы қамтамасыз етілетінін жеткізді.
Сырдария аудандық прокуратурасы