Құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында кездесу өтті
Апта ағымында аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевпен «Сырдария ауданы бойынша құқық бұзушылықтың алдын-алу, профилактикалық шараларды атқару, құқықтық-түсіндірме профилактикалық шаралардың тиімді, әрі шынайы жүзеге асырылуы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Н.Қордабай, аудандық ветеринариялық станция басшысы Н.Дәулетбаев, қоғамдық кеңес пен кент әкімінің өкілдері қатысты. Ауылдық округ әкімдері «Зум» платформасы арқылы қосылды.
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев есепті кезеңде аудан бойынша қалыптасқан қылмыстық ахуалға тоқталып, Сырдария ауданы бойынша қылмыстылық деңгейі төмендегенін көрсетті (пәтер ұрлығы - 80 пайызға, ұрлық - 37 пайызға).
Бірақ дегенмен, қылмыстың кейбір санаттары бойынша өсім байқалатынын сөз етті (алаяқтық 200 пайызға, мал ұрлығы 300 пайызға өскен).
Мал ұрлығына қатысты қылмыс (4-тен 16-ға) көбейген, оның 4 ашылған. Малдардың 13 өрістен (барлығы –20 бас), 3 қорадан (барлығы – 5 бас) ұрланған.
Жалпы елді-мекендерде 28 пада ұйымдастырылғанын, өрістегі мал ұрлығының және малдардың автомобиль тас жолына шығуын болдырмау мақсатында учаскелік полиция инспекторларына қосымша 37 сақшы-сарбаздар көмек ретінде қоғамдықпен жіберілгенін айтты. Бұл өз кезегінде қылмыстың алдын-алу мақсатында өз септігін тигізетінін жеткізді.
Ұрлықтың басым көпшілігі өз бетімен жайылымдық жерде жайылатын малдарды құраған. Ал пада немесе кезекпен бағылған малдарды ұрлау деректері орын алмаған.
Пада немесе кезек арқылы бағудың тиісті дәрежеде ұйымдастырылмауынан, өз бетінше өрісте жүрген үй жануарларының қылмыскерлер ұрлануына оңтайлы сәт туғызуда.
Осыған сәйкес, елді-мекендерде пада санын ұлғайтып, тиісті деңгейде ұйымдастыру шараларын күшейтуді тапсырды. Қылмысты алдын-алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, профилактикалық шараларын ұдайы өткізіп, тұрғындарға тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігі тапсырылды.
Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолы бойындағы жақын орналасқан елді мекендердегі мал ұстайтын үй иелеріне түнгі мезгілде мойындарына жарық қайтарғыш ленталар тағылуы қажет екендігі жөнінде түсіндірмелер беріліп, үн парақтары таратылып жатқандығын айтып өтті.
Анықтама ретінде: Есепті кезеңде жол көлік оқиғасы бойынша автомобиль тас жолында - 38 мал қағу деректері орын алған, оның 5-і мал иесі анықталып, тиісті әкімшілік шара көрілген болса, қалған мал иелері табылмаған құқық қорғау органдарымен профилактикалық шаралары жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынып, құзырлы органдармен бірлесіп тиісті жұмыстар атқарылуда. Сондықтан, аудан көлемінде құқық бұзушылықты алдын-алу, жолын кесу, оларды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында заңдылыққа сәйкес тиісті шараларды ұйымдастыру қажеттілігін айтып, тиісті органдарға бірқатар тапсырмалар жүктелді.
Кездесу қорытындысымен Д.Байдушев осы салаға жауапты орындаушыларға, мемлекеттік және құқық қорғау орган басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында жұмысты күшейтуді тапсырып, орындалуы өзінің қатаң бақылауына алынды.
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі