Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Прокуратура органдары 30 жылдық белесте

Прокуратура органдары 30 жылдық белесте

Қазақстан прокуратурасы – мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды, сонымен қатар адамның және азаматтардың еркіндіктерін қадағалаушы және бақылаушы құқық қорғау органы. Прокуратура басқа да функцияларды шектеулі, ұлттық заңнамамен орындалуын қадағалайды. Биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар ҚР прокуратура органдары да мерейлі 30 жылдық белесте. Әрбір жылдың 6 желтоқсаны ҚР прокуратурасының құрылған күні болып бекітілген. Осы кәсіби мереке аясында аудандық прокуратураның тарихына тоқталып өтпекпіз.

Сырдария ауданының тарихы 1928 жылы Тереңөзек ауданы болып құрылуынан басталады. Аудан атауы сол жылдан 1997 жылға дейін «Тереңөзек» деп аталады да, 1997 жы­лы Қазақстан Республикасы Төралқасының 10 қыркүйектегі №3627 Жарлығымен «Сырдария ауданы» болып қайта құрылды. Яғни, Тереңөзек ауданы таратылып, Сырдария ауданына Аманкелді, Айдарлы, Бесарық, Қоғалыкөл ауылдық округі мен оларға қарасты елді мекендер берілді. Аумағы 43,7 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан, 1928 жылы негізі қаланған аудан Сырдария өзенінің төменгі ағысын бойлай орналасқан. Бүгінгі күнге аудан көлемінде 40 мыңға жуық халық бар. Ауданның құрамына 1 кент және 13 ауылдық округ кіреді, әкімшілік орталығы – Тереңөзек кенті, ал жалпы жер көлемі – 4 067 949 гектарды алып жатыр.

Сырдария аудандық прокуратурасының қа­­­да­­­ғалау аумағында 13 ауылдық округ пен кент орталығы кіреді және оның құзіретіне осы аумақтарда Қазақстан Республикасы заң­­­­­­­на­­маларының, Қазақстан Республикасы Прези­денті Жарлықтарының және басқа да құқықтық актілердің дәлме-дәл қолданылуы мен аза­маттардық конституциялық құқық­тарының сақ­талуына бірыңғай қадағалау жүргізу мін­деттелген. Аудан прокуратурасының тарихы көп жыл аудан прокуроры болып жұмыс іс­теген А.Көптенбаев есімімен байланыс­ты. Соғыстан кейінгі кезеңдерде құқық қорғау органдарында кадрлар жетіспеді. Осыған орай, партияның жолдамасымен сауатты азаматтар про­­куратура саласына қызметке жіберілген. Со­­лардың бірі Отарбаев Сырмағанбет еді. Ардақты азамат біраз жыл прокурор болып, кейін ауылдық кеңес төрағасы қызметін атқарды.

Сырдария аудандық прокуратурасының тарихында прокурор қызметін атқарып, әр жылдары прокурорлық қадағалаудың сапасын арттыруда, азаматтардың конституциялық құ­қық­тарын қорғауда белгілі азаматтар қызмет атқарған. Олардың қатарында Ө.Қиязов, К.Ал­даназаров, Б.Асқаров, Т.Рахимов,  Ж.Жұмашев,  Р.Медешов,Ж.Асқаров,  Б.Қалым­бетов,  Б.Кар­­­­­­­­бозов, Н.Би­жанов,  И.Төле­генов,  Д.Құн­дыз­баев,  М.Ерна­заров, А.Тәже­нов, Е.Алмазұлы сын­ды өз антына адал азаматтар абыроймен қыз­мет еткен.

Ал биылғы жылдың қыркүйек айынан бас­тап Сырдария ауданы прокуроры қызметін аға әді­лет кеңесшісі, прокуратура органдарының «Құр­­метті қызметкері» Асқар Жәметұлы Кемалов ат­қаруда. Бүгінгі күні аудандық про­куратураның ұжымында аудан прокуро­рының орынбасары Ержан Алтынбай, про­куратураның прокурорлары Жаннұр Сиха және Дәуірбек Ұзақбаев сынды қызметкерлер қадағалау сапасын арттыруда аянбай еңбек етіп келеді.

Сырдария аудандық
Прокуратурасы
04 желтоқсан 2021 ж. 453 0