Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұрат Ергешбаев пен құқық қорғау органдарының басшылары қоғамдық қабылдау өткізді

Мұрат Ергешбаев пен құқық қорғау органдарының басшылары қоғамдық қабылдау өткізді

Кеше аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі М. Ергешбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Әжікенов, аудан прокуроры А.Кемалов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Н.Ибраев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Қармақшы аудандық бөлімінің бастығы Н.Айтбай, қоғамдық кеңестің төрағасы М. Еспенбетов Сырдария ауданына қарасты А.Тоқмағамбетов, Қалжан Ахун, С. Сейфуллин ауылдарында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауда аудан әкімі ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы айтып өтті.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, оның ішінде, Қызылорда қаласында салынуы бастау алған ТМД аймағында теңдесі жоқ жылу электр орталығы, заманауи Өнер орталығы, бірнеше жылдан тұралап қалған Шыны зауытының жандануы, Жаңақорған ауданында томат шығаратын зауыттың бастау алуы секілді жаңалықтармен бөлісті.

Сондай-ақ, аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы аудан көлеміндегі газдандыру, жол мәселесінің шешілуі, егіншаруашылығы, денсаулық және білім саласында атқарылған жұмыстарға, электр желілерін жаңғырту мәселелеріне тоқталды.

- Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын шешілуі тиіс бірінші кезектегі мәселелерге қатысты ауданда бірқатар мәселелер республикалық және облыстық бюджеттен қолдаулар табылып келер жылға атқарылуы тиіс жұмыстардың тізбесіне енгізуде. Газдандыру мәселесі бойынша Қалжан Ахун ауылы мен С.Сейфуллин ауылы мемлекеттік сараптамадан өтіп, қаржыландыру үшін өтінім тиісті министрлікке жолданған. Қазіргі таңда Қалжан Ахун ауылы қолдау тапты, Сәкен ауылы қайта қаралуда. Ал, А. Тоқмағамбетов ауылының газ мәселесі сараптамада жатыр. Сараптама аяқталғаннан кейін тиісті ұсыныс беріледі. Медицина саласы бойынша А. Тоқмағамбетов, Қалжан Ахун ауылдарының дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. С. Сейфуллин ауылы биыл жаяу жүргіншілер жолы салынып ел игілігіне берілді. Қазіргі таңда бұл ауылдардағы шаруашылықтар егіндерін жинап болды. Ендігі кезекте осы жұмыстарды жалғастырып, бірінші кезекте шешілуі тиіс шараларды қолға аламыз,- деді аудан әкімі.

Ауыл тұрғындары да қабылдау барысында шешілуі қажет ететін мәселелерді алға тартып, өтініш-тілектерін жеткізді. Негізгі көтерілген мәселелер жол мәселесі, көше жарығы, газ мәселесі, тұрғын үй беру, ауыл маңындағы каналдарды тазалау сұралды.

Сонымен қатар, аудан көлеміндегі құқық қорғау органдарының басшылары Өз салаларына қатысты сұрақтарға жауаптар беріп, құқық бұзушылықтың алдын алуда қоғам болып бірлесіп атқаруға тұрғындарды шақырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
05 қазан 2022 ж. 574 0