Медицина мамандары семинарға қатысты
Өткен аптада Сырдария аудандық аурухананың мәжіліс залында басқосу өтті. Жиын «Медиация» тақырыбын арқау етті. Осы сала бойынша өткізілген семинарға медицина саласының қызметкерлері қатысты.
Семинарды Сырдария аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Үсенов ашып берді. Ол өткізіліп отырған семинардың негізгі мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтті. Содан кейін тақырып аясында толымды ақпарат беген еді. Және жиынға келген қонақтармен таныстырды.
Өз кезегінде «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстықфилиал басшысы Бақтыбаева Ляззат Шайзадақызы мен «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің ғылыми кеңесші-психологы Назира Аймаханова сөз алып, «Медиация» саласы бойынша жиналғандарға мол ақпарат берді. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі екендігін айтты. Кездесудің негізгі мақсатына тоқтала отырып, бітімгершілік мәселесінің мәні мен маңызын, бүгінгі күнге дейін атқарылып жатырған жұмыстар туралы мәлімдеді. Жиын соңында қатысушылар ұтымды ақпарат алды. Сондай-ақ арнайы мамандарға көкейдегі сұрақтарын қойып, тиісті жауап ала алды.