Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Туберкулез профилактикасы түсіндірілді

Туберкулез профилактикасы түсіндірілді

Туберкулез – аса жұқпалы дерт. Ел арасында "құрт ауруы" немесе "көксау" деп аталатын ауру адам мен жануарға ортақ болады. Жұқпалы созылмалы аурудың негізгі қоздырғышы – кох таяқшалары, яғни микобактериялар. Туберкулезді алғаш рет неміс микробиологы Роберт Кох 1882 жылы ашты. Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар болып келеді. Олардың ұзындығы 1-10, ені 0,2-0,6 мкм.

Көне заманнан белгілі туберкулез ауруын әлеуметтік дерт деп те атайды. Адамдардың аталған ауруға шалдықпауы үшін арнайы екпе қабылдап, алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Жақында аудандық аурухананың дәрігер-фтизиаторы Ләззат Ибраймова медицина қызметкерлері арасында семинар өткізді. Семинарда "Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту" туралы ҚР ДСМ-107 бұйрығы түсіндірілді.

Семинарда туберкулез кезінде мамандандырылған медициналық көмек, ТМККК бойынша амбулаториялық жағдайларда туберкулез профилактикасы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар диагностикалау және емдеу бойынша қызмет көрсету кезіндегі мамандандырылған медициналық көмек айтылды. Стационар алмастырушы жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек, стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. БМСК ұйымдарының дәрігер фтизитры мен аймақтық медбикелердің міндеттері туралы қосымша ақпаратпен таныстырылды, – дейді дәрігер-фтизиатр Л.Ибраймова.
30 қараша 2022 ж. 504 0