Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Атасының еңбегін насихаттаушы

Атасының еңбегін насихаттаушы

Жақында мектеп оқушылары арасында «Зерде» республикалық ғылыми жоба конкурсы өткізілген болатын. Ауданға қарасты білім ошақтырының кіл үздіктері жиналған байқау өз дәрежесінде ұйымдастырылды. Аталған жарыста әрбір оқушы өз білімдерін таныта білді. Ал біздің кейіпкеріміз өз қатарластарының арасынан оқ бойы оза шапты.

Әр бөлім бойынша оқушылар бақтарын сынап, жүргізген зерттеу жұмыстарын әділ қазылар алқасына ұсынды. «Тарих» бөлімі бойынша оқ бойы оза шапқан Қоғалыкөл ауылына қарасты №44 орта мектебінің 4-сынып оқушысы Нұрлыхан Қасымхан «Келсе шамаң із қалдыру өмірде» тақырыбында зерттеу жұмысын қорғаған еді. Атасының қалдырған мұрасын көпшілікке жария еткен немересінің жұмысы көпке үлгі бола білді. Бір қызығы, жоба тақырыбы ұлағатты ұстаз Қасымхан Демжановтің кітабының атауы болуында. Аудандық кезеңнен сүрінбей өткен Нұрлыханның жұмысы жаңалыққа толы болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Алдағы уақытта талапты жас аудан намысын қорғайтын болады. Мақтаулы оқушыдан ұстаздары мен ата-анасы зор үміт күтеді. Қашанда саналы ұрпақ тәрбиелеуде үлкендердің ғибраты өнеге болмақ.

Өткен ғасырдың 1969-1993 жылдар аралығында білім беріп қана қоймай, ұрпақ тәрбиесінде де елеулі қызмет атқарған Қасымхан ағайдың дара жолы көпшілікке үлгі. Шәкірт алғысына бөленген ұстаздың еңбегі жанып, қазірде шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде лауазымды қызмет атқарады. Балалары да әке жолын қуған педагогтер. Бірқатар грамоталармен марапатталған. Олардың қатарында 1970 жылы «Еңбектегі еpлігі үшін» медaлі, 1974 жылы «Социaлистік еңбектің жеңімпaзы» белгісі, 1986 жылы «Қaзaқ ССP Жоғapы Советінің Құpмет гpaмотaсы», «Қaзaқстaн ЛКСМ оpтaлық комитетінің Құpмет гpaмот"aсымен», Ал 1970 жылы «облыстық білім қоғaмның гpaмотaсы», Осыдан 10 жыл бұрын «Қоpқыт aтa унивеpситетінің 75 жылдығының медaлі» секілді жоғарғы марапаттары бар.

Кітаптағы өлеңмен қатар, мысал, егіз ұйқасты өлеңдердің мағынасы тереңде жатыр.
Деуші едік қapтaйғaндa болaм қapық,
Ол ойды быт-шыт қылды мынaу нapық.
Жолдaстa көп, достa көп бapлығыңдa,
Тaптыpмaйды-aу дүниенің тapлығындa.
Уaқыт шіpкін ұмыттыpap бәpінде,
Кетіpеді әp нәpсенің әpін де, – деген жолдар арқылы өмірден түйгендерін ақ қағазға түсірген ұстаз еңбегі әрқашан бағалануы керек. Атасының мұрасын көзін қарашығындай сақтап, насихаттау жұмысын қолға алған Нұрлыханға сәттілік тілейміз!
25 қараша 2022 ж. 339 0