Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәнерлеп оқу: балғындардың бағы жанды

Мәнерлеп оқу: балғындардың бағы жанды

Биыл ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы республикалық маштабта аталып өтілуде. Бі­ліммен бар дүниені жарық еткен ағартушы оқымаған адам­ның күні ғәріп екенін жақсы білген. Қазақта алғаш ба­­­­лалардың сауатын ашқан ұлт ұстазының есімі кеңінен ұлық­талуда. Өткен аптада аудандық білім бөлімінің ұйым­дастыруымен Қалжан ахун ауылындағы №126 орта мек­тепте «Даланың дара ұстазы» тақырыбында мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілген болатын. Байқауға аудандық білім бөлімінің әдіскері Алуа Нұрабаева, №126 орта мектеп директоры Мұрат Төлегенов, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Танымдық іс-шара ұлы ағарту­шы­ның «Кел балалар оқылық» көрінісімен басталды. Ұстаздар мен оқушылар педагог заманындағы білім беру ісінің не­гізгі факторларын көрсетті. Халық баласын оқытуда қилы кезеңдер тау­қыметін айшықтай түсті. Өз кезегін­де №126 орта мектеп директоры Мұрат Төлегенов сөз алып, мерейтоймен құттықтады. Байқауға келген жас балғындарға сәттілік тіледі.
– Ыбырай Алтынсарин – қазақ ұлты­ның тарихында алғашқы мектептің қа­лыптасуында ерекше із қалдырған тұл­ға. Әкесінен ерте айырылған ол атасы Балқожа бидің тәрбиесін көрді. Өзінің білімге құштар екендігін айналасына танытып қана қоймай, алдында өз халықыма зор пайда әкелсем деген ұлы мақсат тұрды. Негізінен, ұлы ұстаздың шығармарларынан, тың­ зерттеу еңбектерінен, өлеңдері мен жолсапар очерктерінен балаларды білімге жетелеуге, тереңнен оқыту­ға машықтанғаның аңғаруға болады. Бұл ретте, ақынның өлеңдерін жат­қа оқитын бастауыш сынып оқушы­ларына сәттілік тілеймін, – деді Мұрат Төлегенов.
Аудандық байқауда ауданға қар­ас­­­­­­­ты 17 білім ошағынан 3-ші және 4-сынып оқушылары бақ сынады. 40-қа жуық балғын Ыбырай Алтын­сарин­­нің өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Оқушы­лар­дың өнеріне аудандық білім бөлімі­­­нің әдіскері Алуа Нұра­баева, №210 Оспан Әбілпаттаев атын­дағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сәуле Таюпова, №126 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самат Жұмаділов әділ бағасын берді. Байқау қорытындысында жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломмен марапатталды. Барлық қатысушыға ба­ғалы сыйлық тапсырылды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
01 желтоқсан 2021 ж. 384 0