Мектеп оқушыларының тамақтануы
Балалық шақта адамның дене, сана, денсаулығының іргетасы қаланады, ал тағам-осыған жетудегі қажетті заттектер мен қуаттың жалғыз қайнар көзі. Баланың әрбір даму кезі алдыңғыларынан оның физиологиялық жүйелерінің қарқынды дамуына сәйкес балалардың тамақтануға деген талаптары да өзгереді. Сондықтанда, бала толыққанды өсіп-өнуі үшін тамақтануда оның жасының физиологиялық ерекшеліктері міндетті түрде ескерілуі керек.Олай жасамаған жағдайда, бала денсаулығына нұқсан келіп, семіздікпен қоса түрлі ауруларға алып келуі айдан анық.
Физиологиялық тұрғысынан қарасақ мектеп жасындағы балалардың қаңқасы, бұлшықеттері, миы, сондай-ақ барлық жүйелері қарқынды дамып, жасөспірімнің жыныс жүйесі жетіліп, гормоналды фоны өзгереді.
Заманауи мектеп оқушысының өмірі ақпаратқа толы, оқу жүктемесі де өсуде. Мектептен бөлек түрлі секциялар мен үйірмелері тағы бар. Сол себепті мектеп оқушысының рационы сапалы салауатты өнімдерден, байытылған пайдалы заттардан тұратын жоғары тағамдық құндылықтар болуы қажет, нақтырақ айтсам, салауатты тамақтануы қажет.
Салауатты тамақтану деп адамның қалыпты өсуін, дамуын және өмір сүруіне қажетті заттармен қамтамасыз ететін тамақтануды айтады. Ол күніне тамақтануды 2,5-4 сағат аралығында – таңғы ас, түскі ас, бірасар, кешкі ас 4 реттен кемітпей қабылдауды қарастырады, оның 3-і міндетті түрде ыстық тағамдар болуы қажет. Егер тамақтану арасы 4 сағаттан асырылса, балаларда жұмысқа деген қабілеттілігі мен есте сақтау ы төмендейді. Сонымен қатар, асты шамадна тыс мөлшерде қабылдауда тамаққа деген тәбетті әлсіретіп, тағамдық заттардың сіңірілуін төмендетеді.
Тамақтану режимінің бұзылуы, мектепке ыстық тамақтың болмауы, жеткіліксіз жоғары сападағы өнімдерді тұтыну мектеп оқушыларының арасында асқазан-ішек ауруларының таралуының артуына айтарлықтай үлес қосады. Тамақты күнделікті бір уақытта тамақ қорыту ферменнтері өндіріледі және асқазан-ішек жолы өзінің міндетінорындауға дайын тұрады.
Таңғы астың маңызы зор, ол міндетті түрде толыққанды болуы тиіс. Таңертеңгілік ас ішер алдында, жарты сағат бұрын бір стақан жылы су ішкен абзал. Өкінішке орай, көптеген балалар бутерброд, бөлішке, немесе одан да жаманы, тәттілерді жеп қоя салады. Бұл оның денсаулығына кері әсерін тигізіп, оның жұмысқа қабілетін төмендетіп, оқу материалын игеруді қиындатады. Оқушының таңғы асы калориялы және ірімшік, жұмыртқа тағамдарынан немесе сүтті ботқадан тұруы қажет.
Түскі асқа балаға көкөністі көбірек беру қажет, оның ішінде балғын көкөністер мен жемістерден жасалған салаттарды міндетті түрде ет немесе балық өнімдерінен жасалған гарнирмен, сусынға: шырын, компот немесе кисель берген жөн.
Бесіндік асқа оқушыға сүт, ашытылған сүт өнімдерерін, кисель немесе шырынды, нан-тоқаш өнімдерімен (кептірілген нандар, майсыз печенье) бірге ұсыныңыз немесе жемістер беріңіз.
Кешкі асқа – сүт, көкөніс, ірімшік, жұмыртқа немесе жарма тағамын ұсыныңыз. Балғын көкөністер, жеміс-жидектер аса пайдалы. Кешкі ас ұйқыға кетерден 1,5-2 сағат бұрын болуы тиіс.
Балаға ұйқы алдында бірдеңе жегісі келсе, майсыз сүттің/йогурттың 1 стақанын немесе банан беруге болады.
Азаматтар азық-түлік нарығындағы және жарнамалық кеңістіктегі жағдайды бақылай алмайды, бірақ әр адам салауатты тағам өнімдерін сатып ала отырып, салауатты емес өнімдерге назар салмау арқылы осылай қаржылық дауыс береді, нәтижесінде қоғам бірітіндеп азық-түлік нарығындағы жағдайды жақсарта алады, өндірушілер де негізінен салауатты өнімдерді шығаратын болады.
Балалардың тамақтануынан бөлек, сабақ оқуы мен демалыс тәртібі үшін алдымен, ата-аналар жауапты екенін естен шығармайық!
Жастар денсаулығы
орталығының дәрігері
Д.Алашбаева
Пікір 2