Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

№ 33 газет

27 сәуір 2024 ж.

№ 32 газет

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫННЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫННЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ


Жақында Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына сәйкес Сырдария аграрлы – техникалық колледжінде психологиялық қызмет бағытындағы практикум «Үлкен тақырыптық ойындар» атты облыстық әдістемелік – тәжірибелік семинар өтті. Семинарға жалпы білім беретін Қызылорда, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандары колледждерінің педагог-психолог мамандары мен колледж қызметкерлері қатысты.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бас­тап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы мен тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп айтылған. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «Әкелер мен аналар, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қа­лып­тастыру болу керек. Өйткені Қазақстанның болашағы келер ұрпақта болғандықтан жастардың психологиялық, физиологиялық ден­­­­саулығы халықтың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ тәрбиесінің дұрыстығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесі жағдайында қолға алынуы тиіс. Бұл дегеніміз, қазіргі нарықтық қоғамдағы адамдар арасында қарым-қатынас пен психологиялық қысым, әсіресе, жас буынның психологиялық денсаулығының бұзылуына алып келуде. Қазақстан Республикасының өзінде, тіпті әлемдік деңгейде халқымыздың психологиялық, фи­зио­логиялық денсаулығын сақтау адамзат алдында тұрған үлкен мәселе болып отыр. Осы мақсатта жалпы білім беретін ұйымдардың педагог-психологтарының ұйым­дастыруымен облыстық семинар өткізудегі басты мақсат та осыған келіп саяды.
Шараны колледж директоры Дархан Қожахметов ашып, бұл семинардың маңыздылығына тоқталды. – Бұл әдістемелік-тәжірибелік семинар жастар арасындағы белең алып жатқан суицид, бұзақылық, ұрлық, зорлық-зомбылық, өзінен кішіге әлімжеттік көрсету, есірткіге тәуелділік т.б. қисынсыз іс-әрекеттердің алдын алуға өзінің үлкен септігін тигізеді. Жастарға ата-ана мен психолог тарапынан қолдау дер кезінде көрсетілсе арты өкінішке апарар жағдайлар орын алмайды. Осындай тәжірибелік семинарлар әрі қарай жалғасын тапса мұндай қоғам дертімен күресуге болады,– деді.
Қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтан ауытқыған балаларды «қиын» немесе «тәрбиесі қиын» балалардың әрекетін «девиация» деп атаймыз. Десекте, осы балалардың санасының төмен болмауына, өз ортасынан шет қалмауына қоғам болып атсалысу қажет. Көп жағдайда девиантты мінез-құлықтың пайда болуы тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан туындайтыны өмірде дәлелденген шындық.
Негізінен әдістемелік семина­р­дың мақсатына тоқталар бол­сақ, психологиялық қызметті ұйым­дастырудың жаңаша әдістерін қолдануда өзара тәжірибе алмасу, педагог-психолог қызметкерлерінің кәсібінің дамуына қолдау көрсету болып табылады. Семинар барысында әр тарап өз ойларын ортаға салып, қазіргі жастардың арты өкінішке әкелетін іс-әрекетке бармауына қоғам болып атсалысу қажеттігін айтып қана қоймай, әрекет жасауды өзімізден бастауды алға тартты.
Алдағы уақытта мұндай шаралар саны көбейсе, өскелең ұрпақтың дені сау болып өсетініне, бұзақылық санының азайып, қоғам дертімен күресу әлдеқайда жеңіл болатынына сенеміз.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ
10 сәуір 2018 ж. 1 045 0