Сырқатты ерте анықтау маңызды
Елімізде денсаулық сақтау саласы күн сайын дамып келеді. Аудандық аурухана мен емхананың мүмкіндігі де артуда. Уақытылы жүргізілетін тексеру аса ауыр ауруды ерте кезде анықтауға және емдеуге көмектеседі.
Сырдария аудандық ауруханада өкпе, қуық асты безі, асқазан мен ұйқы безі қатерлі ісіктері, олардың даму қаупінің факторлары, ерте диагностикалау мақсатында "Ашық есік күні" болып өтті.
Ашық есік күнінде тұрғындарға арнайы жалпы тәжірибелі дәрігер, онколог, мамолог, дәрігерге дейінгі кабинет, әйелдер және ерлер қарау кабинеті мамандары, сонымен қатар флюора және ультра дыбыстық зерттеулері арқылы тексерістер жүргізілді.

Мамандар тексеруге келген халықты қатерлі ісіктерді дер кезінде анықтау даму тарихы мен ерте диагностикалау, оны болдырмау және алдын алу туралы ақпараттандырды. УДЗ арқылы анықталған күдікті ісік алды ауруларын тереңдетіп тексеріп, нақтылау мақсатында облысқа арнайы жолданды.
Жалпы, қандай да күдік не өзгеріс байқалған бойда, әр адам денсаулығын түзетуге асыққан жөн. Өз денсаулығыңыз - өз қолыңызда! Уақыт жоғалтпай, жақындарыңыздың жанында бақытты болуды қаласаңыз, дәрігерге көрініңіз. Сізге берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.