Ескерту – түзетуден оңай!
Осындай ұранмен дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардарлық күніне орай, Жастар денсаулығы орталығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары аудандық емхана пациенттеріне сүт безі обыры туралы ақпараттандыру жүргізіп, үнпарақшалар таратты, – деп хабарлайды tirshilik-tynysy.kz
Сүт безі қатерлі ісігі ауруының ықтималдығын арттыратындардың барлығы – қауіп факторлары деп аталады. Қауіп факторының болуы – Сізде қатерлі ісік бар дегенді білдірмейді. Егер Сіз сүт безі обырын дамыту қауіпі болуы мүмкін деп ойласаңыз, дәрігермен сөйлесініз, – дейді мамандар.
СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ даму қауіп факторлары мыналарды қамтиды:
1. Сыртартысында сүт безінің инвазивті обырының болуы;
2. Сыртартқысында сүт безінің зияңсыз – қатерлі емес ауруының болуы;
3. Отбасы сыртартқысында туысындағы бірінші ұрпақтан – анасы, қызы немесе әпкесі сүт безі обырының болуы;
4. Сүт безінің тініне ағзамен өндірілетін эстрогеннің әсері. туындауы болмауы: ерте жастағы етеккір 12 жасқа дейін, кеш жүктілік, 30 жастан кейін немесе жүктіліктің болмауы, босанудың болмауы, кешірек жаста менопаузаның басталуы 55 жастан кейін, менопауза кезінде қолданылатын гормонтерапия, ішімдік ішу, семіздік, егде жастағылар.