Колледждегі денсаулық сағаты

Денсаулық сағатында Сырдария аудандық емханасының психологы М.Маханбетжанов, жастар денсаулығы орталығының психологы А.Төлепова, колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Искакова және колледж психологы Г.Мығымбай дәріс оқыды. Арнайы дайындалған бейнеролик арқылы жағымсыз әдеттен бас тарту, алдын алу туралы көрініс көрсетілді. Слайдпен мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жасөспірімдердің мінез-құлығы өзгермелі келетіні, сондықтан ең алдымен ата-анамен, үлкендермен, жақындармен кеңесуге болатыны, ал жақындарыңа айтуға болмайтындай жағдайда арнайы орталықта мамандардың бар екендігіне назар аударылды. Қандай қиын жағдай болмасын мәселенің шешімі болатынынан мысалдар келтірілді. Адам өмірін қию ол – қылмыс екендігі түсіндірілді.
Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытында психологиялық кеңестер берілді. Ашық диалог орнап, сұрақ-жауап арқылы жасөспірімдерді мазалайтын сұрақтарға жауап берілді.
Кездесу соңында аудандық емхана психологы М.Маханбетжанов дайындаған көңіл-күйді сергітетін жаттығулар және өзіне деген сенімділікті білдіретін ойындар ойнатылды.