Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылдағы денсаулық сағаты

Ауылдағы денсаулық сағаты

Нағи Ілиясов ауылдық модельді кітапхананың ұйымдастыруымен ауылдық емхана қызметкерлері мен мектеп оқушылары арасында «Денсаулық –өмір негізі» аттты денсаулық сағаты болды.

Денсаулық сағатында алдымен сөз алған ауыл дәрігері Сәрсен Олинова өскелең ұрпаққа денсаулықты сақтау туралы әңгіме өрбітті. Әсересе, жастарды аздыратын жаман қасиет ол – ішімдік, темекі мен нашадан бойларын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттігін айтты. Спортпен шұғылдану – денсаулықтың кепілі екенін және ұялы телефон мен компьютерге тәуелді болып үйде отыра бермей, бір мезгіл таза ауамен тыныстау қажеттігі туралы кеңес берді.

Денсаулық сағатында ақ халатты абзал жандарға арналып мектеп оқушылары өлең оқыды. Шараны ұйымдастырушы – кітапханашы қай дәуірде, қайсы бір қоғамда болмасын, оны құрап отырған мемлекеттің басты байлығы адам және оның денсаулығы екенін атап өтті.

Шара соңында «Денсаулықты сақтай білу де өнер» атты тақырыппен денсаулық жайлы әдебиеттерді таныстырылды.

Б.ЖАНӘЛІ
18 қыркүйек 2019 ж. 830 0