Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ғасыр індетімен күрес тоқтамайды

Ғасыр індетімен күрес тоқтамайды

Бұрнағы күні аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі мен аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі жатақханасында студенттер арасында «Ғасыр індетімен күресу міндетіміз!» тақырыбында көрініс көрсету бойынша сайыс өткізілді. Аталмыш шараға аудандық жастар ресурстық орталығының маманы С.Сыздықова, аудандық жастар денсаулық орталығының психологы Г.Жаналиева қатысты.
Шара барысында Г.Жаналиева жастарға дұрыс тамақтану және жағымсыз факторлардан аулақ болу туралы семинар жүргізді. Одан кейін жастар 3 топқа бөлініп көрініс көрсетті. Көріністің тақырыптылығы ескеріліп сайысқа қатысқан «Отбасы» тобы ІІІ орын, «Бірлік» тобы ІІ орын «Саламат» тобы І орын иемденді. Сайыс қорытындысы бойынша көрініске қатысушыларға бағалы сыйлық табысталды.

"ТТ"-ақпарат
23 желтоқсан 2019 ж. 797 0