Жастардың кәсіпкерлік бағытына қызығушылықтары артты

Айта кетейік, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша» 2022 жылы Аманкелді ауылдық округінен 22 тұрғын грант иегері атанды, оның ішінде 16-сы 29 жасқа толмаған жас кәсіпкерлер. Жастардың дені мал шаруашылығын дамыту бағытында кәсіп бастаған. Сонымен қатар құрақ көрпе тігу, қыз жасауын жасау мен сән салоны ісін ашқандар да бар.
Жас кәсіпкерлер ауыл әкімшілігіне мемлекет тарапынан қаржы беріліп, кәсіпкерлікті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.
Ендеше, ел экономикасы мен өндірісіне өзінше үлес қосып келе жатқан жас кәсіпкерлеріміздің ісіне тек сәттілік тілейміз.


