Аппараттың тынымсыз еңбегі нәтиже беруде
Аудан көлемінде кәсіпкерлікті дамытып, мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктерді тұрғындар толық пайдалануына жағдай жасау қажет,-деп тапсырма берді аудан әкімі М.Ергешбаев.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға бағытталған арнайы бағдарлама жүзеге асырылып келеді.

Мемлекеттік грант көлемі 400 АЕК-ті (1 225 200 теңге) құрайды.
Аталған мемлекеттік грант жөнінде тұрақты түсіндірме жасалуда. Соның нәтижесінде кәсіпкерлік бағытындағы мемлекеттік гранттар алудың екінші легіне Аманкелді ауылы бойынша 27 жоба қатыстырылып, оның ішінде 13 ауыл тұрғыны (оның ішіндегі 11-і ауыл жасы) грант жеңімпазы атанды.
Алдағы қайтарымсыз гранттарға да ауыл әкімдігінің мамандары арқылы тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Ауыл әкімі аппаратының мамандары тынымсыз еңбек етіп, ауыл тұрғындарының мемлекет тарапынан қолдау табуына жағдай жасап келеді.
Алдағы уақытта Сырдария аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, бизнес жоспарларында көрсетілгендей сатып алуға тиісті дүниелерін алуына, құжаттарының дұрыс дайындалуына ықпал жасалынатын болады.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы кәсіптеріне береке тілейміз.

Аманкелді ауылдық округі әкімдігі