Жаңа шаштараз жұмысын бастады

Осы орайда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша» 2022 жылы Қалжан ахун ауылдық округінен 11 тұрғын грант иегері атанды, соның бірі А.Зинабдинов шаштараз саласы бойынша өз кәсібін ашып бастады.
«Қазіргі нарық заманында әр адамның өз кәсібі болу қажет деп санаймын. Осы орайда мен де өз ісімді бастауды жөн санап, мемлекеттің қолдауына жүгіндім. Қажетті құжаттарды жинап, сабаққа қатысып, бүгінде қаржылай қолдау тауып, өз ісімді бастадым. Жастарды жұмыспен қамтуда, өз кәсібін бастауға көмек көрсеткені үшін өз ризашылығымды білдіремін», - дейді А.Зинабдинов.
Кәсіпкерге алдағы уақытты жұмысына сәттілік, кәсібіне береке тілейміз.
Қалжан ахун ауылдық округі әкімдігі